Белгілі жазушы қастандықпен өлтірілді
Танымал қазастандық жазушы, журналист Қуандық Шамахайұлының қастандықпен өлтірілгені хабарланды. Бұл туралы белгілі жазушының жұбайы Айша Тұрмағанбетова Facebook парақшасында хабарлады.
Ал бұдан 6 сағат бұрын жазушы өзіне қастандық жасалған болуы мүмкін екенін хабарлаған.
- "Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2:00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді" - делінген Facebook парақшасындағы жазбада.