Әлемнің тағы бір мемлекеті жайдан жай халқына ақша таратпақ
Сингапур мемлекеті халыққа коронавирус пандемиясына байланысты ақша табыстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл туралы Сингапурдың қаржы министрі Хэн Сви Кит мәлім етті. Қазіргі күні осы орайда бюджеттен 2,5 миллиард доллар бөлініпті.
Мемлекет сәуір айында сингапурлықтарға ақша үлестіріп берген көрінеді. Халықты қолдауға бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі 18 маусымнан басталмақ. Жәрдемақы көлемі 300-600 сингапур долларын (шамамен 85 -160 мың теңге) құрайды. Бұған қоса 20 жастан кіші баласы бар отбасыларға қосымша 300 сингапур доллары (85 мың теңге) төленсе, 50 жастан асқандарға тағы 100 сингапур доллары (шамамен 28 мың теңге) беріледі екен.
Сингапур үкіметі бұл қаражат жалпы ішкі өнімнің 20%-ын (70,3 миллиард доллар) құрайтынын атап өткен.