Қаза болған полицейдің анасы Тоқаевқа хат жолдады

Oinet.kz 02-06-2020 1930

Өткен аптада Алматыдағы блок-бекетте орын алған жол апатынан қаза болған полицей Дастын Абдықановтың анасы Абирова Жанатгүл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған хат жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады. 

image.png

- Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын.Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін.Мен ешкімге сенбеймін.Құрметті Президент Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін, - дейді қаза болған полицейдің анасы. 

«Үш ай түрмеде отырғандаймыз»: Теңіз жұмысшылары оларды үйге жіберуін талап етуде (видео)
«Ауыл Берекенің» берекесі кірмей тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу