Алматыда 20 жастағы жігітке іздеу салынды (фото)
Алматы қаласында 2000 жылы өмірге келген жас жігіт жоғалып кетті.
20 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат Аружан Саинның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық көрді. Жазбада хабар ошарсыз кеткен Илияс Егізбаевтың анасы Жақсыбике Егізбаевтың баласын табуға көмек сұрағаны айтылған. Әйел адамның сөзінше, ол бұндай жағдайға ешқашан тап боламын деп ойламаған. Жақсыбике ұлының жоғалып кеткенін "қорқынышты түс" деп атады.
Илиястың үйінен 19 мамыр күні сағат күндізгі 3 шамасында шығып кеткені белгілі болды. Ол жақындарына серуендеуге шыққанын айтқан. Осыдан кейін байланысқа шықпаған көрінеді.
Туыстары ұсынған мәліметке сәйкес, жігіттің бойы - 185 см. Арық денелі. Жоғалған күні Илияс қара джинсы, қара көк "толстовка", сонымен қатар қара түсті спорттық аяқ киім, сөмке және маска киген. Одан бөлек, жас жігітте банк картасы, "Оңай" жол жүру билеті, Huawei маркалы қара түсті ұялы телефоны болыпты.
Ерекше белгілері: Көзі қара Шашы қалың Шашының арасында ақ бар Туыстарының сөзінше, Илияс бүкірейіп жүреді.
Дереккөз: kaz.nur.kz/