Назарбаев пен Тоқаев арасында билік үшін талас басталуы мүмкін бе

Oinet.kz 11-05-2020 3991

Baшингтонда шығатын Diplomat газетінде жарық көрген «Дариға Назарбаеваны сенаттағы басты қызметінен алып тастады» деген мақалада Назарбаеваны депутаттық мандатынан айыру туралы президент жарлығы Тоқаев пен Назарбаев арасындағы «билік үшін таластың» белгісі болуы мүмкін деген болжам айтылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Басылымның жазуынша, сенат спикері президенттен кейінгі екінші қызмет, мемлекет басшысы орнынан кеткен я қайтыс болған жағдайда оның міндеттері сенат төрағасына көшеді. Бұл механизм бір рет іске де асты: 2019 жылы наурызда Нұрсүлтан Назарбаев президент қызметінен бас тартқан соң Қасым-Жомарт Тоқаев оның міндетін атқаруға көшті, ал оның инаугурациясынан кейін босаған сенат төрағасы орнына Назарбаеваның үлкен қызы жайғасты. Сол тұста бақылаушылар Назарбаев билікті династиялық жолмен тапсыруға дайындалып жатыр деп жорамалдаған. Сондықтан, Дариға Назарбаеваны сенаттан алып тастау шешімі көпшілік күтпеген оқиға болды. 

Diplomat-қа берген сүхбатында Карнеги қорының Ресей және Еуразия бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Пол Стронски «Назарбаеваның биліктен кетуі Тоқаевтың «аяққа нық тұруы» деген сөз бе?» деген сауалға «Қазақстанның саяси жүйесінде ашықтық жоқ болғандықтан, бұл сұраққа жауап беру қиын» деген. Назарбаеваны орнынан босату «әрине, Тоқаевтың аca ipi, батыл қадамы. Бірақ Тоқаев мұны Назарбаевтың келісімінсіз я оған ескертпестен жасады дегенге сену қиын» дейді Стронски.

Бұрынғы президент ізбасарының бұл шешіміне қатысты ештеңе айтпады. Дариға Назарбаеваны парламенттен алып тастау «конспирация атмосферасын қалыптастырады» дейді автор. Сәуірде өткен Ұлыбританиядағы сот процесі кезінде Назарбаева мен оның ұлы әлемдік БАҚ басылымдарына көп шыққан (тергеушілер заңсыз ақшаға алынған деген себеппен олардың элиталық үйлері мен пәтерін бұғаттаған, ал Лондон соты бұл шешімнің күшін жойған). Пол Стронскидің айтуынша, бұл — тым лас нәрсе, әрі бұл лас жаңалықтың экономикалық дағдарыс пен денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс кезінде жарыққа шығуы жалпы жүйеге кері әсер етеді».

Мақала авторының айтуынша, мұнай бағасы төмендеп, коронавирус індеті жайылған дағдарысты кезде Тоқаев алдыңғы шепке шығып, Назарбаев тасада қалды. 

«Ең алдымен бұл — бұрыннан бар автократиялық тактика, жағымсыз жаңалықты ешкімнің айтқысы келмейді. Ал COVID-19 Қазақстан экономикасы мен денсаулық сақтау саласының әлсіз тұстарын әшкерелеп жатқан қазіргі тұста бұл Тоқаев үшін тек тәуекел ғана емес, өзін көрсетіп қалатьн үлкен мүмкіндік кезеңі» деп жазады Diplomat. 

Стронски Мәулен Әшімбаевтың сенат спикері қызметіне сайлануын «#Тоқаев және/немесе жүйе бұл орында қолынан іс келетін технократты көргісі келеді деген сигнал» деп санайды. Назарбаеваның кетірілуі нені білдіреді? Бұл оның келесі қызметінен белгілі болады. «Назарбаева ұзақ жылдар жоғары қызметтерде болып, орнынан кетіп жүр. Сондықтан бұл ауыс-түйіс — ол үшін әдеттегі шаруа» дейді Стронски.

«Қазақстандағы саясат үнемі түсініксіз әpі бұлыңғыр. Шенеуніктерді әpі-бері ауыстыру Қазақстан мен Орталық Азияның саяси ландшафтындағы ерекше жаңалық емес. Кейде мұндай ауыс-түйіс сахна сыртындағы маңызды өзгерістерді білдіреді, кейде олай емес. Назарбаеваны орнынан алудың себептерін түсіндіретін ішкі ақпарат жоқ кезде тек жорамалдауға тура келеді» деп қорытады.

дереккөз: Azattyq.org

Танымал футболшы коронавирустың белгілері бар бес жасар баласын өлтірді
Карантин 25 мамырға дейін ұзартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу