Карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

Oinet.kz 11-05-2020 2756

Елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады дегенімен, Қазақстанның бірқатар аймақтарында карантин әлі жойылмады. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының билігі шектеу шараларының ұзартылатынын хабарлайды.

image.png

Маңғыстау облысында карантин кем дегенде 25 мамырға дейін созылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Садыманов хабарлады. 

2020 жылдың 25 мамырында таңертеңгі 7.00-ге дейін тыйым салынады:

- аймаққа кіріп-шығуға - тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз ететін автомобильдерді қоспағанда;

- қалалар мен аудандар арасында жылжу (қоспағанда)

- Жұмысқа тек 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде маска кию арқылы - таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешке сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін шығуға рұқсат етіледі.

Ақтөбе облысында жедел штаб ШОБ-қа қатысты шектеулерді алып тастады, бірақ карантиндік шаралар сақталады. 11 мамырдан бастап қонақүйлер, жатақханалар, сауналар мен моншалар жұмысын қайта бастайды. Азық-түлік базарлары мен балабақшаларды ашу мәселесі әлі де пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шарттары ерекше өкім шыққанға дейін сақталады.

Назарбаев пен Тоқаев арасында билік үшін талас басталуы мүмкін бе
Коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге алатындардың шеңбері кеңейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу