Танымал футболшы коронавирустың белгілері бар бес жасар баласын өлтірді
Бұған дейін Түркия Суперлига клубтарының бірінде ойнаған түрік футболшысы Джевхер Токташ бес жасар ұлының өлімінен кейін 11 күн өткен соң оны өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
23 сәуір күні футболшы баласын дене қызуымен және жөтелмен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер коронавирустың белгілері бар баланы және оның әкесін карантинге жатқызды. Сол күні бірнеше сағаттан кейін 32 жастағы спортшы палатаға дәрігерді шақырып, баласының тыныс алуы қиындап кеткенін айтты. Бала шұғыл түрде реанимацияға жеткізілді, алайда екі сағаттан көз жұмды.
Дәрігерлер науқастың өліміне қатысты күдікті ештеңе байқамады, өйткені тыныс алудың қиындауы - COVID-19-ге тән симптом. Алайда, кейінірек футболшы полиция бөлімшесіне келіп, өзінің қылмысы туралы айтты.
Ер адам баласын тұншықтырып тастағанын айтты.
"Мен жастықпен ұлымның бетін жаптым. Оны 15 минуттай басып, жібермей тұрдым. Осы уақытта балам босап шығуға әрекеттенді. Ол қозғалмай қалған кезде, мен жастықты көтердім. Менен күдіктенбеуі үшін дәрігерлерді шақырдым", - деді ол.
Футболшы өзінің әрекетін "ешқашан кенже ұлын жақсы көрмегендігін" айтып түсіндірді.
"Неліктен бұлай екенін білмеймін. Сол күні оны өлтірудің жалғыз себебі оны ұнатпауым болды. Менің психикамда проблемалар жоқ", - деді Токташ.
Осыдан кейін футболшы қамауға алынды. Ол "жақын туысын өлтірді" деген бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады.