Оңтүстік Кореяда жүрген 2 қазақстандық сотталды

Oinet.kz 01-05-2020 1304

Еліміздің екі азаматы таиландтық кісіге күш көрсетіп, тонап кетті деген айыппен сотталды. Бұл туралы оңтүстік кореялық Daejeon MBC News телеарнасы хабарлайды. 

image.png

Daejeon MBC News телеарнасының келтірген деректерге сәйкес, сотталған отандастарымыз республика аумағында заңсыз жүргені белгілі болған. Сот оларды Таиланд азаматына шабуыл жасап, тонап кеткені үшін кінәлі деп таныды. Қос қазақстандықтың бірін 4, екіншісін 4,5 жылға бас бостандығынан айырған. Жәбірленуші жезөкшелікпен айналысқан көрінеді. Сотталған қазақстандықтардың бірі 19 жаста. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен желтоқсанда олар трансгендерге шабуыл жасап, одан миллион вонды (шамамен 350 мың теңге) ұрлап алған екен. Сонымен қатар, олар полиция құрықтаған кезде қарсылық танытқан. 

«Екі Егізбаев шықпайды, Алатауға ексең де»
Шымкент: Кәсіпкерлік нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу