2 миллионнан аса адамға әлеуметтік төлем тағайындалды
2 335 929 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- 14 сәуірдегі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 460 016 азаматтан барлығы 5 797 580 өтініш келіп түскен. Осылайша, 1 328 564 қайталанатын өтінім тіркелген. Өтініштерді қарау мерзімінің ұзаруына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішт і бір рет беруді сұраймыз, - дейді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.