Сәкен Майғазиевтың әпкесіне айналған досы қайтыс болды

Oinet.kz 08-04-2020 3935

Сәкен Майғазиевтың шаштараз досы көз жұмды. Әрі әпкесі, әрі досына айналған шаштараз жаман аурумен күресіп, о дүниеге кете барды. Әнші оның отбасына көңіл айтып, қолдау білдірді деп хабарлайды Stan.kz.

news_full15863422775d2a55911a32b6356e874b09188bde7f.jpg

Алтыным-ай! Жаны жайсаң, жанашыр жан, жарқыраған күйіңде жадымызда қаласың, Ұлтуар. Бір үйдің баласындай болып едік. 20 жыл бойы менің шашыма қолының табы тиген әпке-досым. "Басымдағы бес орайды бағындырған сендей шебер шаштаразға ескерткіш қою керек, Оля", деп қалжыңдаушы ем. 5 жыл жаман аурумен ауырып, соңғы бір жылда төсек тартып жатып қалды. Соған қарамастан мен үшін тұрып қызмет жасайтын. Көңілін көтеріп, қуаттандырып кететінмін. Екі ұлы мен келіндері де: "Аға, сіз келіп кеткен күні көңілі көтеріліп қалады, шашыңыз өспесе де жиі келе беріңізші", дейтін. Мынау екеуміз сапарлас (соңғы) болған бейне екен. "Оля, 8-9 наурыз Орал, Ақтау қаласында концертім, кеттік менімен бірге", деп едім балаша қуанып : "Төсекте таңылып шаршадым, кетсек кеттік", деді. Аяғына әрең тұрып жүрген нәзік жаннан ондай жауап күткен жоқпын. Жүзі жадырап сала берді. Билет алып ұштық та кеттік. Тәуліктеп ұйықтай алмай , тамақ іше алмай жүрген Ұлтуар сол сапарда 2 күн бойы 10-15 сағаттап ұйықтап, тамақ ішіп, көңілі көкке көтеріліп қайтып еді. Бой жазып қайтқан екен ғой алтыным. Жаның жәннәтта шалқысын, жақсы адам", - деп еске алды әнші желідегі парақшасында.

Screenshot_1.jpg



216 мың қазақстандық 42 500 теңге алды
Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу