Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді

Oinet.kz 09-04-2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырып алған инфекционист Толқынай Ордабаева өңірдегі коронавируспен күреске қатысты былықты әшкереледі. Бүгінде Меркі аудандық орталық ауруханасының дәрігері Тараздағы инфекциялық стационарда жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Ордабаева COVID-19 инфекциясын карантиндегі адамдармен жұмыс істеу барысында жұқтырған. "Меркі аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі қысым көрсетіп, медицина қызметкерлерін өздеріне маска тігуге мәжбүрледі, жұмыста ешқандай маска мен қорғаныш құралдары берілмейді. Қайта өңдеуге мәжбүр болдық. Мұның барлығы иммунитеттің әлсіреуіне алып келді", - дейді дәрігер. 

Инфекционист Жамбыл облысында қаражат пен құралдар жоқ болғандықтан, науқастармен байланысқан адамдарға 14-күні қайта тестілеу өткізілмегенін айтады. Сондықтан, науқастармен байланысқандар коронавирусқа қарсы қорытынды анализ тапсырмай-ақ ауруханадан шығарылған. 

"Қазір вирусқа қарсы Алувия препаратын қабылдап жатырмын. Бұл препараттың жанама әсерлері көп. Мені коронавирус жұқтырған қалалық СЭС-тің эпидемиолог дәрігерімен бірге жатқызды. Жамбыл облысында коронавирусқа қанның полимеразалық тізбекті реакциясын алмайды. ПТР тестілер жоқ, науқастармен байланысқан адамдарға қайта тестілеу жүргізілмейді", - деді Толқынай Ордабаева. 

Ақ халаттының сөзінше, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыру дерегін жасырып отыр. 

"Неге мені жеке боксқа жатқызбайды? Неге ауруханаға түскенде менен және эпидемиолог дәрігерден коронавирусқа қаннан ПТР , жұтқыншақтан жағынды қайталап алмады? Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасына жеке қорғаныш құралдарына, маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмекке, сондай-ақ, санат бойынша науқастармен жұмыс істейтін ақ халаттыларға бөлінген қаражат қайда? Неге коронавирусқа қарсы қан ПТР-і мен тест өткізілмейді?",- деді дәрігер. 

Ордабаева Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы неліктен медқызметкерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отырғанын түсіне алар емес. Ол жұмыс орнында инфекция жұқтыруына байланысты эпидемиологиялық тергеу жүргізілуі тиіс деп есептейді. Өңірлік дәрігердің жанайғайы желіде тарап, қоғам назарына бірден ілікті. Толқынай Ордабаеваның әлеуметтік желідегі жазбасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа да жетті. 

"Тез арада қолға алынсын. Медицина қызметкерін қорғау тәртібін сақтау бойынша тергеу жүргізуді бастау қажет. Бұл мәселені жеке бақылауыма алдым", - деді министр.

Ал бүгін

Толқынай Ордабаева Instagram парақшасына өзіне «400 маска салып қойылғанын» және жан-жақтан түрлі жала жабыла бастағанын жазды.

Бүгін елді шулатқан пост жазып, бірден Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өзін елең еткізген Жамбыл облысы Меркі ауданының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваны аяқтан шалуға тырысатындар іске кіріскен сияқты, деп жазады telegram-дағы НЕХабар арнасы.

«Денсаулық сақтау министрлігі осылай жұмыс істейді. Бір жаман «подстава» жасалайын деп жатқан сияқты. Өйткені, Толқынай Ордабаева Instagram парақшасына өзіне «400 маска салып қойылғанын» және жан-жақтан түрлі жала жабыла бастағанын жазды. Осыдан кейін «Ауызды жабу басталған ба?» деген сауал туындап отыр» делінген жазбада

Сәкен Майғазиевтың әпкесіне айналған досы қайтыс болды
Екі күнде коронавирусты басатын дәрі табылды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×