Қазақстанда 67 медицина қызметкері науқастардан коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 07-04-2020 1079

Қазақстанда коронавирус індетіне 67 медицина қызметкері шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

20190612210535.jpg

«6 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайлары 8 өңірде тіркелді: Ақмола облысы – 1, Атырау облысы – 2, Қарағанды облысы – 4, Қызылорда облысы-1, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 1, Алматы қаласы – 21, Нұр-Сұлтан - 31. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы - 67 жағдай», - делінген ақпаратта. 

Осылайша, COVID-19 диагнозы бар пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлердің сырқаттану жағдайлары барлық оқиғалардың 10% құрайды. «Қазіргі уақытта, бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы - орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында. 

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 685 жағдайы тіркелген.


Алматылық жас жігіт мешіттегі садақа жәшіктерін ұрлаған
В исправительных колониях Алматинской области начали пошив защитных комбинезонов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу