Түркістанда секс-притон әшкере болды
Түркістан облысының полицейлері секс-притонды әшкереледі, – деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
4 сәуірде Түркістан облысының Полиция департаментіне облыс орталығындағы моншалардың бірінде притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады. Олар Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатта. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтап жатыр.