Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам анықталды
Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам анықталды, жалпы елімізде 685 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Oinet.kz сайты ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
2020 жылғы 7 сəуірде сағат 14:10-дағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал бойынша, Шымкент қаласында – 1, Қарағанды облысы – 7, Жамбыл облысы – 5, Қостанай облысы – 2 адам тіркелген. Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 685 жағдай тіркелген.
Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 222, Алматы қ. – 119, Қарағанды облысы – 55, Қызылорда облысы – 54, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 42, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 32, СҚО – 25, Шымкент қ. – 20, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, ШҚО – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, БҚО – 2, Павлодар облысы – 1.