Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды

Oinet.kz 02-04-2020 1421

Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Screenshot_9.jpg

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.

Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Шымкетте коронавирус жұқтырған 8 адамның кім екені белгілі болды
Коронавирус жұқтырғандар 1 миллионға жақындап, 47 мың адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу