Белгілі саясаткер «Келесі президент кім?» болатындығы туралы пікірін білдірді

Oinet.kz 24-03-2020 7163

Белгілі саясаткер Дос Көшім "Келесі президент" кім болатындығы туралы жеке пікірін білдірді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

e46715e3-a14a-4ff9-8e54-5b522ec31aec.jpg

- Ол ой баяғыдан бері айтылып жүр. Екі жыл бұрын, үш жыл бұрын осы ой айтыла бастады. Себебі, транзиттік мерзім жақындаған сайын. Енді Елбасының денсаулығы, жасы келген сайын осы мәселе көтерілді және сондағы айтылған негізгі сценарий былай тұғын. Ол өзінңғ орнына Қасым Жомарт Тоқаевты қояды. Себебі, былғанбаған, жемеген, ішпеген деген сияқты және Еуропаны біледі, демократияны біледі деген сияқты бәрі солай ойлады. Одан кейін барып мен ауырдым, шаршадым дейді дә орнына Дариғаны қояды. Бұл сондай өтпелі кезеңнің жобасы деген нәрсені бәріміз айтып жатырмыз. Сондықтан, Қасым Жомарт Тоқаевты қойған уақыттарда жаңағы айтылғандар онан сайын бекіді. Көрдіңдер ма? Саясаттанушылардың, басқалардың айтқан жобасы шындығында келе жатыр. Ендігі барлық адамдардың күтіп отырғаны, шындығында Сенат төрағасы келе ма деген мәселені әлі күнге дейін күтіп отыр. Әзірше Қасым Жомарт Тоқаевты Алла денсаулық берсін. Басқа жаққа кететіндей түрі көрінбейді. Өз еркімен кете қоймайды. Себебі, қазіргі кездегі жағдайда халық ондай мәселе болса шындығында да үлкен қарсылық көрсетеді, - дейді Дос Көшім.

Көлгінов: «Карантин ертерек аяқталсын десек...»
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу