Балалы қазақстандықтар ақылы демалысқа жіберілуі мүмкін
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жедел әрекет ету штабының отырысы өтті, оған Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев балаларымен үйде қалуға мәжбүр болған ата-ананың біреуіне ақылы демалыс беру туралы жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды. Үкімет кәсіпорындарды фискалдық тетіктер арқылы қолдау жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
Мемлекет басшысы медициналық мекемелер мен азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді, медициналық нысандардың дайындығын тексеруді талап етті.