16 баланың анасы «Құрметті азамат» атанды

Oinet.kz 06-03-2020 2007

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар 16 баланы өсіріп отырған анаға "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағын берді. Бұл марапат 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

57eeb27c-97a9-4a7d-a110-e2db487b813a.jpg

Бұл туралы шаһар басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзі хабарлаған.

- "Мереке қарсаңында 16 баланың анасы Наталья Красильниковаға "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. Адамға өмір сыйлаған ана әрқашан да жоғары марапаттарға лайық", - деп жазды қала әкімі.

Аталмыш жаңалықты көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазды.

- "Балалары неткен әдемі. Жарайсыз", " Өте керемет! Қаламыздың құрметті азаматшасы болуға міндетті! Қала əкіміне көп рахмет", "Аналарға көңіл бөлгеніңізге рахмет", "Үлкен құрметке лайық ана", "Осы ұлдар ертең ел қорғаны болады", - деді көпшілік.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда 15 баласы бар Павел және Татьяна Култышевтардың отбасы жайлы жазған едік. Көпбалалы отбасы бүгінде 16-шы сәбилерін күтіп жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Назарбаев туралы мақала жазған журналист сотталуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу