«Гарант 24-тің» басшысы халықтың ақшасы қайда екенін айтты

Oinet.kz 03-03-2020 1201

«Гарант 24 ломбарды» әуел бастан халықтың ақшасын жымқыру мақсатында ашылғаны белгілі болды. Бұл туралы Қазнетте жарияланған "Дикий Арман" мен Аслан Мырзабековтың бейнежазбасы себепкер.

Картинки по запросу "аслан мырзабеков"

Бейнежазбада "Дикий Арман" лақабатымен белгілі криминалист Арман Жұмағалиевтің Молдавияда қашып жүрген «Гарант 24 ломбардының» басшысы Асланды тергеп жатқанын байқауға болады.

"Халықтың ақшасын қайда жібердің. Маған шыныңды айт, әйтпесе, Молдавияда болсаң да, түрмеде болсаң да аяқ-қолыңды сындырамын", -  деп Дикий Арман Асланнан 5 млрд. теңге көлеміндегі ірі сомманы қайда жұмсағанын сұрады.Аслан Мырзабековтың айтуынша ол ешқандай ақшаны көрмеген, бүкіл ақша "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркеповке тиесілі екен. 

Сондай-ақ Аслан Мырзабеков “Гарант 24 Ломбардына” қоса “ESTATE Ломбардтың да ” Жанболат Есіркеповке тиесілі екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осы бейнежазбадан соң, Аслан Мырзабеков халықтан кешірім сұраған бейнежазба жариялап, артынша ұсталған болатын.

Коронавирус Қытайдан басқа елдерде 9 есе көп анықталған
Нұр-Сұлтан қаласында жалған ақша шығарушы ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу