Коронавирус Қытайдан басқа елдерде 9 есе көп анықталған

Oinet.kz 03-03-2020 849

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирус жұқтырғандардың саны 73 мемлекетте 90 мыңнан асқанын айтты. Ал, әлем «беймәлім территорияда» екенін жеткізді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

8_main.png

- «Былтырғы жылдың желтоқсан айынан кейін коронавирус Антарктидадан басқа құрлықтардың бәріне тарады. Қазіргі таңда Қытайдан тыс жерде қаза тапқандар саны 172 адамға жетті. Ал әлем бойынша бұл 3115-ті құрайды», деп жазады агенттік. Осы күнге дейін ДДСҰ бұл жағдайды жаһандық пандемия ретінде жарияламайтынын, бірақ бұл болашақта мүмкін екенін мәлімдеген еді. 

- «Қазір Қытайда аурудың таралуы бәсеңдеп, одан тыс мемлекеттерде артты. ДДСҰ соңғы 24 сағатта коронавирус Қытайдан басқа мемлекеттерде 9 есеге көп анықталғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Иран, Италия ауру ошағына айналды», - деп жазылған мақалада. 

Автордың айтуынша, АҚШ-тың Вашингтон штатында вирус жұқтырғандар саны жүзден асып, алты адамның қайтыс болғаны анықталды.

Тоқаев сынаған «бұрынғы басшылардың» ішінде Берік Уәли бар ма?
«Гарант 24-тің» басшысы халықтың ақшасы қайда екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу