Коронавирустан көз жұмғандар саны 80-ге жетті
Қытайдағы қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны артып келеді. Бұл жайт тек қытайлықтарды ғана емес, барлық елді абыржытуда. Бүгін президент Тоқаев та үкіметке сақтық шаралары туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Жалпы, Қытайда қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырған 2794 жағдай тіркеліп отыр.
Интерфакс басылымының дерегінше, соңғы тәулік ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды. Олардың барлығы коронавирус тарала бастаған Ухань әкімшілік орталығында қайтыс болған.
Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.
Кеше, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.
Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.