Қазақстанға Ресей шекарасынан 80 тонна қауіпті банан өткізбек болған
Жүктер Ресей Федерациясына қайтарылды, бұл ретте кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Көрші мемлекеттен елге 81 тонна банан, 37 тоннадан астам картоп, 20 тонна сәбіз, сондай-ақ 3 тонна бидай тұқымын әкелуге тырысты", - деп хабарлайды АШМ.
Атап өтілгендей, өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес бұл өнімді ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына қайтарылды, бұл ретте кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың бірінші аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз әкелмек болған 8 жағдайды әшкереледі.