Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Болашағынан үміт күттіріп жүрген кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек қытайлық Лешан Лимен қолғап түйістірді, деп хабарлайды, Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Сұлтан айқын басымдыққа ие болып, қытай боксшысын тықсыра түсті. Нәтижесінде, төртінші раундтан кейін қытайлық команда жекпе-жектен бас тартып, Лидің жеңілгенін мойындады. Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, екінші жеңіл салмақтағы WBC Youth белбеуіне ие болды. «Жеңісімді еліме арнаймын. Баршаңызды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», - деді боксшы жекпе-жектен кейін.