Никаба мен абайилері болмағаны үшін қыздарды өртке оранған мектептен шығармаған

Oinet.kz 15-10-2019 920

d389f25665d727215e105bdf87100f56.jpg

2002 жылы Сауд Арабияның Мекке қаласында қыздар мектебінде өрт болып, нәтижесінде 15 оқушы қыз қаза тауып, 50 қыз жарақат алады. Жергілікті баспасөздегілер қайғылы жағдайға сол жердің діни қызметкерлерін кінәлап, айғақтар келтіреді. Олардың айтуынша, қыздардың никаб пен абайи, бет орағыштары болмағаны үшін діни қызметкерлер оларды эвакуациялауға мүмкіншілік бермеген. Соның салдарынан өртке оранып, 15 бейкүнә мектеп оқушысы мерт болды. Алайда мекеме басшылары болғанды жоққа шығарып, мектепте өрт сөндіргіш құралдардың жетіспеушілігі мен аласапыранды алға тартылып, іс жабылады.

Жыл соңына дейін 600-ден аса азамат жұмыстан босатылуы мүмкін
Қостанайда аудан орталығының мерейтойы барысында мәдениет үйі өртке оранды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу