Жыл соңына дейін 600-ден аса азамат жұмыстан босатылуы мүмкін

Oinet.kz 15-10-2019 843

Картинки по запросу жұмыстан қысқарту

Елімізде 2019 жылдың басынан бері 2,7 мыңға жуық жұмысшы қысқартылды. Сонымен қатар, тағы 600-ден аса жұмысшы орнын босатпақ, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтем жасап.

1 қаңтар мен 11 қазан аралығында мониторингпен қамтылған 260 кәсіпорында 2679 жұмыскер қысқартылды. Ал 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 290 кәсіпорыннан 3483 адам кеткен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Осы жылы қызметкерлердің ең көп саны Нұр-Сұлтанда — 1398 адамға, Алматыда — 334, Павлодар облысында — 297 және Шымкентте — 271 адамға қысқарды.

«2019 жылы экономика салалары бойынша жұмысшылардың барынша қысқаруы көтерме және бөлшек саудада (393 адам), ақпарат және байланыста (193 адам), құрылыста (138 адам) жүргізілді», — деп толықтырды ведомствода.

Еңбек министрлігінің айтуынша, 2019 жылдың соңына дейін 600-ден астам адам жұмыстан босатылуы мүмкін.

«Еңбек нарығында жүйелі мониторингті қамтамасыз ету үшін министрлік апта сайын 50 адамнан кем емес қызметкерлерді жұмыстан босату туралы болжамды карта жасайды. Картаға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін үш кәсіпорында 602 қызметкерді қысқарту жоспарланып отыр», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Қысқартуларға кәсіпорындардың ауыр экономикалық жағдайы, дайын өнімді өткізу нарығының болмауы, жұмыс көлемінің қысқаруы, өндірісті автоматтандыру себеп болып отыр.

Бәйдібектің ауылдарына газ келді
Никаба мен абайилері болмағаны үшін қыздарды өртке оранған мектептен шығармаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу