Түркістанда полицейлерге арнап еңселі кеңсе салынуда

Oinet.kz 24-09-2019 893

Screenshot_1.jpg

Түркістанға жылдан-жылға келетін туристер саны артып келеді. Мысалы, өткен жылы Түркістанға 1 миллионнан аса турист келген екен. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсе береді. Осыған орай Түркістанда туристерге қызмет көрсететін туристік полиция қызметі ашылған болатын. Туристік полиция шетелдіктерге Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында қызмет көрсетеді.Турист көп. Полицейлер аз. Оларда ет пен сүйектен жаралған адам болғасын шаршайтын кезі болады. Сондайда оларға бой жазатын һәм еркін отырып жұмыс істейтін кеңсе қажет болады. 

Жақында туристік полициялар жұмыстарын зор қарқынмен нәтижелі атқару үшін полицейлерге арналған су жаңа бекеттер салынып жатыр. Нысан Грузия тәжірибесімен шыныдан соғылған. Оған қазынадан 6,5 млн теңге бөлінді.

Сәулеті ерекше  бекеттердің  құрылысы жөнінде Түркістан облысы полиция департаменті мамандары бейхабар болып шықты. Айтуларынша, жаңа бастаманы қала әкімдігі іске асырып жатыр. Яғни, бұл полиция қызметкерлері үшін әкімдік тарапынан берілгелі жатқан "тосын сый" деуге болады. Жуық арада нысан құрылыс аяқталады. Полицейлер жаңа еңселі кеңседе хаттама жұмыстарымен айналысып, көмек сұраған туристерге сапалы қызмет көрсететін болады.  

Түркістан өнерлі де білімді жастар ордасы
Түркістан ауылдарында ауыл шаруашылығы кәсібі қызуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу