Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бүгін рухани шаһарда 3 айға созылған жастар фестивалінің жабылу салтанаты өтті. “Жастар жылы” аясында ұйымдастырылған жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. Рәміздер алаңында болған қорытынды концертке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жобаға атсалысқан жастарға алғысын білдіріп, оларға сенім артатындығын жеткізді.
Түркістан қаласында ұйымдастырылған іс-шараның маңызы өте зор болды. Аталған іс-шара қаланың абыройын арттырып, туристік-әлеуметтік потенциалының жоғары деңгейде екендігін көрсетті.
“Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан жастар біздің ертеңгі күніміз, сенімді терегіміз. Елімізде қабылданып, жүзеге асып жатқан барлық шаралар жастар үшін жасалуда. Мемлекетіміз бен өңірімізде “Жастар жылына” орай жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоба осы “Жастар жылының” алғышарты ретінде жасалып отыр. Біздің жастарымыз әлемдік өркениеттен тыс қалмауы тиіс”, – деді жобаның негізін қалаушы Сәкен Амангелдіұлы.
Бұл бастама барысында 42 күн бойы 4 спорттық-шығармашылық алаңда 1680 іс-шара өткен болатын. Оған Түркістан облысына қарасты 13 аудан мен 3 қаланың 30 мыңнан аса жастары қатысып, 6 бағыт бойынша бақтарын сынаған еді.
Жоба шеңберінде апталық, айлық іріктеулер мен сындардан сүрінбеген, ақтық сайыста топ жарған үздіктер анықталды. Спорттық (Street Ball, Street Workout) және ұлттық ойындар (асық, ләңгі) мен шығармашылық бағыт бойынша (Street Dance, Karaoke party, Rap battles) жеңімпаз командалар мен жеке қатысушыларға Сакен Қалқаманов кубогтар мен қаржылай сый-сияпаттар табыстады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – өңіріміздегі және қаладағы жастар мен жасөспірімдердің мәдениетін қалыптасыру, оның оң бағытта дамуына ықпалдастық ету. Бұл бастама жаңа кейіпке еніп, жайнап келе жатқан рухани астанамызды түлетіп, қала тұрғындарына пайдалы мәдени-спорттық нысандардың бой көтеруімен де маңызды болмақ. Көңілді кеш көркем заманауи билермен ажарланып, өнер жұлдыздарының әндерімен айшықталды.