Түркістанда жастар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» атты семинар өтті

Oinet.kz 17-09-2026

Түркістан қаласында облыстық жастар ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинары өтті. 

Screenshot_1.png

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльмира Байдарбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрғазы Тажыбеков, Түркістан қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Өндірбай, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Кездесу барысында мамандар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары, құқықтық жауапкершілік және қоғамда адалдық қағидаттарын орнықтыру мәселелері бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар ұйымдарының өкілдері сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастардың рөлі маңызды екенін атап өтті. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан мен Корея Республикасы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытып келеді
В Туркестане прошёл семинар «Школа антикоррупционного лидерства» для молодёжи
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу