Ресейлік дәрігерлердің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өтті

Oinet.kz 01-12-2025 5

Балалардың денсаулығы – қоғамның болашағының кепілі. Әсіресе жас ұрпақтың дұрыс дамуы мен өсуі үшін асқазан-ішек жүйесінің қызметі үлкен рөл атқарады. Асқазан мен ішек патологиялары уақытында анықталмаса, олар балалардың физикалық және психикалық дамуына кері әсер етіп, кейде күрделі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.

image.png

 Сондықтан балалар денсаулығын сақтау саласындағы маңызды бағыттардың бірі – асқазан-ішек жүйесі патологияларын ерте кезеңде анықтау. Балаларда асқазан-ішек жүйесінің түрлі бұзылыстары жиі кездеседі: гастрит, колит, ішек инфекциялары, дисбактериоз және тағы басқа. Бұл аурулардың белгілері бастапқы кезеңде айқын байқалмауы мүмкін, сондықтан тексерістер мен скринингтік зерттеулер маңызды болып табылады.

Шымкенттегі №7 қалалық емханада балалардағы УДЗ-диагностикаға арналған халықаралық деңгейдегі оқыту-тәжірибелік мастер-класс өтті. Іс-шара Қазақстандағы ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының басшысы, м.ғ.к., доцент К.Т. Кулаевтың бастамасымен ұйымдастырылуда.

Семинардың басты мақсаты – тәжірибе алмасу және дәрігерлердің кәсіби әлеуетін арттыру. Екі күндік мастер-класс барысында дәрігерлер науқастарды қабылдап, тексеруден өткізіп, өз тәжірибесін халықаралық деңгейдегі мамандармен салыстырып жетілдірілді.

Оқу бағдарламасы «Балалардағы бауыр, асқазан және ұйқы безі патологияларын УДЗ арқылы анықтау» тақырыбына негізделген. Семинарды Ресейдегі балалар сәулелік диагностикасы саласының жетекші мамандарының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РМАНПО балалар жасындағы сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі Михаил Пыков жүргізді. Профессор халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелермен бөлісті. «Ультрадыбысты диагностика соңғы бес жыл ішінде қарқынды дамыды. Технологияның көмегімен балалардың дертін ерте кезеңде анықтап, алдын-алу шараларын жүргізуге болады. Диагностика арқылы науқастың отаға дейінгі және кейінгі жағдайын бақылай аламыз»,- дейді ол.

Жиын барысында қатысушылар балалардың асқазан-ішек жүйесі ауруларын ультрадыбыстық зерттеу әдісі арқылы анықтаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, клиникалық бағалаудың тиімді әдістерімен жан-жақты танысты. Тәжірибелік бөлімде профессор нақты клиникалық мысалдар негізінде ультрадыбыстық зерттеуді жүргізудің озық әдістемелерін көрсетіп, мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған тың мәліметпен бөлісті.

«Қазіргі кезге дейін қалада  бұл бағытта халықаралық деңгейде үш шара өткізілді.  Беларусь, Ресей, Өзбекстан республикаларынан белгілі дәрігерлер келіп қатысып, мастер-класс өтті»,- дейді № 7 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әбдімәлік Сапарбеков.

Қатысушылар балалар ағзасындағы асқазан-ішек жүйесі ауруларын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтау мен бағалаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, практикалық дағдыларын тереңдетті . Бұл мастер-класс өңір медицина мамандарының біліктілігін арттырып, балалар денсаулығына көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал еткені сөзсіз.

Ресейлік маман қазақстандық дәрігерлердің кәсіби дайындығы мен диагностика саласындағы жауапкершілігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, жергілікті мамандар халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетуге әрі жаңа технологияларды тез меңгеретін әлеуетке ие.

Балалардың асқазан-ішек жүйесінің саулығы – олардың жалпы дамуының, оқу қабілетінің және өмір сапасының негізі. Ерте кезеңде патологияларды анықтау, профилактика шараларын жүргізу және дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету балалардың денсаулығын қорғаудың басты құралдары болып табылады. Педиатрлардың, мектеп пен балабақшаның, сондай-ақ ата-аналардың бірлескен жұмысы балалардың салауатты және белсенді өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Стартаперлер жаңа жобасын таныстырды
100-ден аса кәсіпкер меморандумға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу