Шымкентте энергетика саласындағы жұмыстар бойынша есеп беру кездесуі өтті

Oinet.kz 06-12-2025 7

Шымкентке жұмыс сапарымен ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс келді. Ведомство өкілі жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңірдің отын энергетика кешеніндегі қазіргі ахуалы туралы қысқаша баяндап өтті. Ол қаладағы атқарылған бірқатар шаруаларға тоқталып, электр және жылумен қамтамасыз ету  мәселелері туралы айтты.

image.png

 Кездесуде азаматтар жарықтың жиі сөнуі мен көгілдір отынға қол жеткізу мәселесін көтерді. Сондай-ақ соңғы уақытта көлік жүргізушілері үшін өзекті мәселе болып тұрған сұйытылған газдың жетіспеушілігінің себебі сұралды.

«Облыстағы өңірлік энергия беру компаниясы — «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС болып табылады. Оның активтерінде 23,2 мың км кабельдік және әуе электр желілері, сондай-ақ шамамен 6,3 мың кіші станция бар. Бюджет жобаларына байланысты 2025 жылы республикалық бюджеттен жалпы 1,9 миллиард теңге қалаға бөлінген. Ол электр және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына бағытталған»,- деді  ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс. 

  Шымкентте жылына 1,8 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі. Ал халықтың тұтыну көрсеткіші 6,9 млрд кВт/сағ-қа жеткен. Қаланың электр және жылу энергиясының негізгі көзі — «3-Энергоорталық» АҚ. Оның орнатылған электр қуаты 160 МВт, жылу қуаты — 540 Гкал.

«Электр энергиясын дамтыу бойынша арнайы бағдарлама бекітілген. Ол бағдарлама аясында Шымкент қаласында  500 мегаватт энергия өндіретін қондырғы салынатын болады. Қазіргі таңда жобаны іске асыратын инвестор анықталды»,- деді өз сөзінде вице-министр. 

Жиын барысында вице-министр жанармай тапшылығын және сату кезіндегі алып сатарлықты болдырмау мақсатында қалалық және аудан әкімдіктері рейдтік шаралар ұйымдастырып жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының бөлшек саудада шекті бағасы 102 теңгені құраған. Ал өңірде 4 газ толтыру станциясы және 209 автогаз құю станциясы жұмыс істейді. Сондықтан біз сұйытылған мұнай  газын реформалау және ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдап жатырмыз деді вице-министр. Сонымен қатар шекті бағалар бақылауда екен.   

Вице-министр қала аумағын электр энергиясымен қамту ісімен танысты. Содан кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ведомство өкілінің қабылдауына кәсіпкерлер де жеке шағымдары бойынша жазылған.

Шымкентте көп балалы ана грант қаржысына түзету-дамыту орталығын ашты
Стартаперлер жаңа жобасын таныстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу