2025 жылы 118 көшеге аяқжол салынды

Oinet.kz 08-12-2025 8

image.png

Шымкент қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала халқының көбеюі, жаңа тұрғын алаптарының пайда болуы және көлік қозғалысының артуы жол-құрылыс саласына қойылатын талапты күшейтті. Осыған орай шаһарда жолдарды жөндеу, көшелерді кеңейту, жаңа жолақтар салу және жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз аяқ жолдар құру бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда.

Қала көшелерінің өткізу қабілетін арттыру үшін магистральдық жолдар кезең-кезеңімен жөнделіп, асфальттың сапасы жаңартылуда. Бірқатар көшелерде жол жиегі кеңейтіліп, инженерлік желілер ретке келтірілді. Бұдан бөлек, көлік қозғалысын реттейтін заманауи бағдаршамдар орнатылып, жол белгілері жаңартылды. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, тұрғындардың қозғалысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында қалада жаңа аяқ жолдар мен веложолдар салу қарқынды жүргізілуде. Әсіресе мектептер, ауруханалар, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындарға апаратын бағыттарда жаяу жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым орнатылуда. Аяқ жолдардың сапалы жабындысы, жарықтандыру жүйесі және пандустардың болуы – тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Шымкент қаласының Тұран ауданында тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылым жұмысы атқарылуда. Атап айтқанда 2024 жылы аудан бойынша 39 көшеге жаңа аяқжолдар салынды.

Ал биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, аудан аумағында жалпы ұзындығы 62,3 шақырымды құрайтын 118 көшеге жаңа аяқжол салынды. Тиісті жұмыс жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жалғасады.

Жол жөндеу және аяқ жолдар салу жұмыстары тек көлік қозғалысын жақсартып қана қоймай, экономикалық белсенділікке де әсер етеді. Жаңа инфрақұрылым бизнестің дамуына, қала маңындағы жаңа шағынаудандардың қалыптасуына және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.

Қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Инфрақұрылымның кезең-кезеңімен жаңартылуы – Шымкенттің заманауи, қауіпсіз және қолайлы мегаполиске айналуына негіз болмақ.

7 282 зейнеткер шипажайға жолдама алды
Шымкентте көп балалы ана грант қаржысына түзету-дамыту орталығын ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу