Міндет – ел тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғалардың еңбегін дәріптеу

Oinet.kz 28-08-2025 16

Шымкенттік тарихшылар архив құжаттарын зерделей келе, саяси-қуғын сүргін азаматтар туралы тың деректерді анықтап жатыр.

Screenshot_10.jpg

Зерттеулер барысында саяси қуғын-сүргін жылдарында тағдыр тәлкегін көрген жандардың өмірі мен қызметіне қатысты бұрын белгісіз болған мәліметтер табылуда. «Бұл бастама — жас ұрпаққа тарихи жадымызды жаңғырту мен ел тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғалардың еңбегін дәріптеу мақсатында жасалып жатқан маңызды жұмыс», деп атап өтті Әуезов университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Жанысбекова. «Қазақстанның оңтүстігіндегі большевизмге қарсы күрес» тақырыбын зерттеген ғалым Ресей архивтерінің құжаттарын зерделеген

– Ресей архив құжаттарын алғаш рет ғылыми айналымға енгізе отырып, Оңтүстік Қазақстан жерінде өздері қызмет жасаған биліктің саяси қуғын-сүргініне ұшыраған қазақ коммунистері мен кеңестік билік орындарында жұмыс жасаған қазақтардың қызметіне, ұстанымдары мен мақсаттарына тарихи талдау жасау жүзеге асырылды. Ресей мемлекеттік әлеуметтік саяси тарих архивінің қорларында сақталған БК(б)П-ның Орта Азиялық бюро мәжілістерінің хаттамалары дерек көзі ретінде қолданылды. Бюрода жергілікті халыққа қарсы жүргізілген әрекеттің ішкі құпия жағын ашып көрсету және жалпыадамзаттық гуманитарлық тұрғыдан баға беру мақсатында кеңестік билікке қарсы Оңтүстік Қазақстандағы «Топтық күрес» құбылысының басталуына себеп болған тарихи оқиғаларға талдау жасалынды, - деп атап өтті тарихшы-ғалым. 

ХХ ғасырдың І-жартысында сталиндік саяси қуғын-сүргін ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Патша өкіметі құлағаннан кейін, қазақ халқының тәуелсіз даму жолына түсуіне тарихи мүмкіндік туған еді. Осы кезеңде елдің болашағына алаңдаған қазақ зиялылары дербес мемлекет құруға бел шеше кірісті. Алайда, Алаш ардақтыларының бұл асыл арманы саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Олардың азапты тағдыры мен ерен ерлігі — тарих беттерінде алтын әріппен жазылар ұлы ерлік. 

Сонымен қатар, осы үшін Ресей мемлекеттік әлеуметтік саяси тарих архивінің қорларында сақталған БК(б)П-ның Орта Азиялық бюроның мәжілістерінің хаттамаларымен танысу жұмысы жүргізілді. Бюрода жергілікті халыққа қарсы жүргізілген әрекеттің ішкі құпия жағын ашып көрсету және жалпыадамзаттық гуманитарлық тұрғыдан баға беру мақсатында советтік билікке қарсы Оңтүстік Қазақстандағы «Топтық күрес» құбылысының басталуына себеп болған тарихи оқиғалардың тізбегі мен олардың барысына сипаттау, салыстыру әдістері пайдаланылды, деген деректерін алға тартты тарихшы Г.Жанысбекова.

Шымкенттік ғалымдардың зерттеулері ғылыми айналымға еніп, әдебиет әлемінде маңызды орын алды
«Шым қала» тарихи-мәдени кешеніндегі ерекше жәдігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу