Соғым сойғанда «қол үздік» бересіз ба?

Oinet.kz 18-08-2025 45

Иә, бүгінгі таңда ұмытылып бара жатқан дәстүрлердің қатары аз емес. Заманауи өмір салты мен жаһандану үдерісі ұлттық мәдениетіміздің кейбір асыл мұраларын көмескілендіріп барады. 

Screenshot_55.jpg

Ұмытылып бара жатқан дәстүрлер – халқымыздың рухани байлығы. Олар тек рәсім емес, сонымен қатар өмір сүру философиясы, ұрпаққа бағыт-бағдар беретін ұлттық тәрбие мектебі. Сондықтан бұл салттарды жаңғырту – әрқайсымыздың парызымыз. Шымкент қаласында ұмытылып кеткен дәстүрлерді жаңғырту, оларды насихаттауға бағытында жұмыс істейтін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы жұмыс істейді. Орталықта күнделікті мамандарымен қатар, елімізге танымал қолөнер шеберлері,  халықтықтық дәстүрлерді зерттеушілер, ғалымдардың қатысуымен іс-шаралар, шеберлік-сбақтары, көрмелер, жәрмеңкелер өтіп жатады. Кезекті іс-шарадан  «Қол үздік» дәстүрі жайлы қызықты деректі орталықтың ғылыми қызметкері Ақмарал Леубаевадан жазып алдық. 

«Көнекөз қариялардың айтуы бойынша соғым етін дайындау үлкен науқандық жұмыс. Қазақтың соғым сою дәстүрі қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Ұлтымыздың  ұрпағына ұлағат еткен аманаттарының бірі.  «Соғым басы – елдің асы» деген ғибраттың астарында көп дүние баршылық. Соғым сойылған үйде мол қуырдақ қуырылады. Оны ақсақалдар, көрші-көлем, ағайындар жиналып жейді. Соғымға сойылған малдың әр жілігінен бір жапырақ ет жұлып алып береді. Бұл қуырдақ «бес қуырдақ» деп аталады.  Қасапшыларға еңбегі үшін «қол үздік» ет беріледі. Қазіргі уақытта көбінесе тай сойса да, қой сойса да, арнайы қасапханаларға апарады. Еңбек ақысын ақшалай төлейді. Алайда дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы жас буынның бабалар аманатына адалдығын сақтап қалар едік» деді. 

Ал «Әжелер алғасының» мүшесі, зейнеткер-ұстаз Шарапат Құрманбекова мұны қазақта «кәде» деп те атаған, дейді. «Қазақ халқының тұрмыс-салтын, бірлік пен ынтымақты жоғары қойғанын дәлелдейтін салт-дәстүрлердің бірі – қолүздік беру дәстүрі. Бұл – бір жағынан, халықтың еңбекке құрметін, екінші жағынан, ел арасындағы сыйластық пен жанашырлықты көрсететін ерекше рәсім. Оны қасапшыға ғана емес, кілем тоқу, текемет басу, іс тігу сынды жұмыстар ауыл арасында бірлесе атқарылғанда берілген. Іс аяқталған соң үй иесі немесе отанасы сол жұмыста көмектескен жандарға қолүздік ретінде инеге ілінген жіп, артық қалған жүн, түбіт, тарамыс сынды ұсақ-түйектер немесе басқа да ризашылық нышандарын үлестірген. Бұл кәде – еңбекке алғыс білдіру, бірлескен істі қуанышпен аяқтаудың белгісі» болған деген мәліметімен бөлісті. 

Осыған қарап, Қол үздік – тек сыйлық емес, халқымыздың қонақжай, мейірімді әрі еңбекқор болмысының көрінісі. Осындай салттар арқылы ұлт руханияты ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттық тәрбиенің мәйегі сақталып отырған.

Қазақтың наным-сенімінде өмірлік мән-мағына жатыр немесе «қазан жарыс» қандай ырым?
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу