«Сырмақ сырудың» тәрбиелік мәні зор

Oinet.kz 16-08-2025 54

Қазақ халқының ұлттық мұрасының ажырамас бөлігі – тоқымашылық өнері. Бұл – тек тұрмыстық қажеттілік қана емес, ұлттың рухани болмысы мен эстетикалық талғамының көрінісі. 

Screenshot_50.jpg

Киіз үйдің ішкі кеңістігін әрлеп, жылу сақтап тұруға арналған кілемдер, текеметтер, сырмақтар мен басқұрлар — барлығы да ұлттық танымның бір бөлшегі. Қолөнер бұйымдарының ішіндегі «сырмақ сырудың» қыз бала үшін тәрбиелік мәні зор екен. Шымкентте дәстүрімізді дәріптейтін қалалық салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығы жұмыс істейді. Орталық мамандары қа¬зақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұр¬пын, жөн-жоралғысын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, халықтың бойында ұлттық кодты қайта жаңғыртуда үлкен жұмыстар атқарып келеді. Орталықтың бөлім басшысы Гүлшат Жақанқызы «сырмақ – қазақтың бай мұраларын сипаттайтын көне жәдігерлердің бірі. Қолданбалы өнер барысында қазақтар сырмақты төсеніш немесе ілуге пайдаланаған. Ондағы салынған әрбір ою-өрнектің шертер сыры бар. Мәселен, алақұрт ою-өрнегі тіл-көзден, пәлекеттен мақсатта салынған», - дейді. 

Этнограф Жадыра Өскенбаеваның айтуынша, сырмақшылық ісмерлік бойжетіп келе жатқан қыз баланы еңбекқорлық, ісмерлікке, баулып, сұлулыққа, ақылдылыққа, даналыққа үйретеді екен. Мектепте оқып жүргенімде анамның айтқан мына сөзі жадымда қалды: «Қызым, сырма үй жиһаздарының ішіндегі жылуы мен сәні келіскен ең асыл бұйымдардың бірі. Әжеңнің қолынан шыққан сырмақтар керемет болатын. Одан біз де үйрендік. Сендер де бұл өнерді үйреніп алыңдар. Сырмақшылық ісмерлігінің үлкен тәрбиелік мән бар» деп мені сырмақ сыруға баулыды. Анамның осы өнерді үйретуі менің өміріме сымбаттылықты алып келді» деген естелігімен бөлісті. 

Тоқымашылық өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы дамып, жетіліп отырған. Әр өңірдің өзіне тән техникасы мен өрнек құрылымы, бояу таңдауы болды. Қазақ шеберлері табиғи бояғыштарды пайдаланып, кілемге ақ, қызыл, қара, сары, қоңыр және жасыл түстерді енгізген. Әр түс — табиғатпен, тіршілікпен, наным-сеніммен тығыз байланысты символ. Мысалы, қызыл түс — өмір мен қуаттың, қара — тереңдіктің белгісі.

Қазақтың тоқылған бұйымдары бүгінде жоғары бағаланады. Қол күшін қажет ететін сырмақтың бағасына да бағамдап көрдік. Ол 50 мыңнан басталып, 200 мың теңгеге дейін аралықта сатылады. Қазіргі таңда бұл өнер қайта жанданып келеді. Жастар арасында қызығушылық артып, шеберлік курстары ашылып, ұлттық бұйымдарға сұраныс жоғарылады. Бұл — қазақтың рухани мұрасы ұмыт қалмай, жаңа ғасырда жаңаша сипат алып, өміршең болатынын көрсетеді.

«Жас ұрпақты тәрбиелеуде рухани дәстүрлерге сүйенген дұрыс»
Кесте тігу: Қазақтың нәзік өнерінің қазақы болмысын жоғалтпай жаңғырту қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу