Тазалық – иманның жартысы

Oinet.kz 22-08-2025 16

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Screenshot_27.jpg

Іс-шараға өңірлік коммуникациялар қызметі КММ ұжымы белсенді түрде қатысты. Сенбілік барысында Т.Айбергенов көшесінің Республика даңғылы мен Әл-Фараби алаңы аралығындағы жаяу жүргіншілер жолдары, аулалар, ирригациялық арықтар мен жол жиектері қоқыстан тазартылды. Қызметкерлер қолдарына қажетті құрал-саймандарын алып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. 

Сонымен қатар сенбілікке Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап сенбілікке шықты. Тазалық жұмыстары Абай ауданы Шымсити шағынауданының №1 көпқабатты үйінің ауласынан басталып, №20 үйге дейін жалғасты. Сенбілікке қатысқан әлеуметтік сала қызметкерлері ауладағы арамшөптерді жұлып, қоқыстарды қолмен жинап, аумақты сыпырып, тазарту жұмыстарын жүргізді. 

Аталған іс-шараның басты мақсаты – қаланы таза ұстауға үндеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін нығайту. Мұндай бастамалар – тұрғындар мен мекеме қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуі арқылы қала келбетінің жақсаруына оң әсер ететін маңызды қадам. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. 

Мұндай экологиялық акциялар қоғамдағы тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жастардың экологиялық санасын көтеру мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

«Тазалық – иманның жартысы» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі өткізілген тазалық іс-шарасы Шымкент қаласының жасыл келбетін сақтап қана қоймай, қоғам мүшелерін ортақ жауапкершілікке, табиғатты аялауға және туған жерді көркейтуге шақырып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалықпен шектелмейді. Бұл – тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыру, жастардың экологиялық санасын көтеру және қала аумағында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама.

«Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында тұрақты түрде жалғасады. Болашақта басқа да аудандар мен тұрғын үй кешендерін қамту жоспарланған.

«Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында тұрақты түрде жалғасады. Болашақта басқа да аудандар мен тұрғын үй кешендерін қамту жоспарланған.

Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті
Келіннің көркі – ибасы, әженің көркі – даналығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу