Ұлттық өнерді қадірлеу – тамырымызды тану

Oinet.kz 22-08-2025 18

Қазақтың қолөнері – халықтың тұрмысын, дүниетанымын, рухани болмысын айқындайтын асыл қазына.

Screenshot_23.jpg

Сол қазынаның бір тармағы болып саналатын құрақ құрау – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір. Әдет-ғұрып орталығы өткізген шеберлік сағаты да осы өнерді ұмыттырмай, қайта жандандыруға бағытталған қадам болып отыр. 

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Құрақ құрау – өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты шеберлік сағаты аясында қатысушыларға құрақтың түрлері, оны құраудың қыр-сыры таныстырылып, қолөнер шеберлерінің еңбектері паш етілді.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынованың айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты да осы ұлттық қолөнерді насихаттап, жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, көркемдік талғамын дамыту және ата-баба мұрасын жаңғырту.

– Қазақ халқының бай рухани қазынасында қолөнер дәстүрлерінің алар орны ерекше. Соның ішінде құрақ құрау – ғасырлар қойнауынан жеткен өнер, ата-бабамыздың тұрмысында кеңінен қолданылған қолөнер түрі. Құрақ – әсемдік пен өрнектің ғана белгісі емес, ол ұрпақ сабақтастығын сақтап, халықтың тарихы мен тағылымынан сыр шертетін ұлттық мұра. Құрақ – халқымыздың мәдени кодын сақтаған, тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымын айқындаған өнер. Біз бүгінгі ұрпаққа осы құндылықты жеткізіп, қызығушылығын арттыру арқылы ұмытылмас дәстүрді жаңғыртып отырмыз. Құрақ құрау – ұрпақ сабақтастығының алтын арқауы. Ұлттық өнерімізді дәріптеу – болашақ ұрпақ алдындағы басты міндетіміз. Құрақ құрау арқылы біз жастарға тек әсемдікті ғана емес, шыдамдылық пен сабырлықты үйретеміз. Мұндай бастамалар халқымыздың мәдени коды мен дәстүрін сақтауға зор үлес қосатыны сөзсіз, – дейді Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде құрақ – тек сәндік бұйым ғана емес. Бұл – анадан балаға берілетін өнердің, шыдамдылық пен іскерліктің мектебі. Әжелеріміз құрақ құрау арқылы қыз балаға ұқыптылықты, сабырлықты, сұлулықты бағалауды үйреткен. Әр қиылған матаның өзіндік мәні болып, олардан құралған өрнек бір шаңырақтың тарихын, әулеттің шежіресін бейнелеген.

Ал жоба жетекшісі Нұргүл Абайхан, «бүгінгі шеберлік сағаттың мақсаты – ұлттық өнерімізді жаңаша сипатта танытып, оны халықаралық деңгейге шығару» дейді. «Біздің бұл мақсатымыз орындалды. Бұл жоба мәдени мұрамызды сақтаудың ғана емес, оны әлемге паш етудің бірегей бастамасы. Осы құрақшылардың басын бір жерге қосып, олардың өнерін бір арнаға бұрсақ деген арман еді. Енді, міне, жоба бүгінде әлемдік деңгейге дейін көтеріліп кетті. Өте қуаныштымыз. Бұл ұлттық өнерге деген жанашырлық деп білеміз», – дейді ол. 

«Таза Қазақстан» акциясына 700-ге жуық адам қатысты
Шәмшінің сазды әндері – ұлт мұрасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу