Көпқабатты тұрғын үйлердегі күрделі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады

Oinet.kz 21-08-2025 9

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек тұрғын үй құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кеңінен айтып берді. 

Screenshot_20.jpg

Оның айтуынша, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жақсы жолға қойылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қала тұрғындарын жайлы баспанамен қамту шаһарда қаланың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. 

– Бүгінгі күні қаламызда тұрғын үй құрылысына байланысты көп жұмыс атқарылуда. Атап айтар болсақ, қалалық құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан шаһар аумағындағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 20, Тұран ауданында – 4 және Еңбекші ауданында – 2 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданындағы 5 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл көпқабатты тұрғын үйлер Күншығыс шағынауданындағы №25 және №37, №17 шағынаудандағы №9/А, Рашидов көшесіндегі №25/Б үйі және Жангелдина көшесіндегі №18 үйде орналасқан. Ал қалған 21 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін кезең-кезеңімен аяқталатын болады, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Жалпы биылға жоспарланған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Мердігер құрылыс компанияларына тиісті тапсырмалар берілген. Сонымен жоспар бойынша, Әл-Фараби ауданында тағы 15 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл үйлердің қатарында Володарский көшесі №9, 16 шағынаудандағы №9, №40, №41 және №23 үйлер, Күншығыс шағынауданындағы №8, №108А, №23 үйлер, Ә.Жангелдин көшесі №22А, Сайрам көшесі №12 үй, 18-шағынаудан №59, №18 және №24 үйлер, 17-шағынаудан №17 үй, сондай-ақ Сайрам шағынауданындағы №6 үйлер бар.

Бұдан бөлек, Еңбекші ауданында екі көпқабатты тұрғын үйде, Тұран ауданында төрт тұрғые үй жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаладағы көпқабатты үйлердің тозығы жеткен жедел сатыларын (лифтілерін) ауыстыру жұмыстары да қолға алынған. Биыл 17 лифт жаңартылады. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 1, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 15 лифт бар. Қаратау ауданынына қарасты Нұрсәт шағынауданындағы бірнеше үйлерде және Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйлерде лифттер ауыстырылады. Атап айтқанда, Нұрсәт шағынауданындағы №134А, №134Б, №212, №213, №215, №216, №219, №221 үйлер, Назарбаев көшесі №24 және №26 үйлер, Астана көшесі №100 үй, сондай-ақ Нұрсәт-2 шағынауданындағы №23А, №23Б және №31 үйлердің лифттері ауыстырылады. Сонымен биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған барлық күрделі жөндеу және лифттерді ауыстыру жұмыстары аяқталады деп күтілуде

Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Президент резиденциясы дарынды балалар лагеріне берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу