Жаңа оқу жылына дайындық басталды

Oinet.kz 21-08-2025 12

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім саласына кеңірек тоқталды. 

Screenshot_19.jpg

Оның айтуынша, биылғы оқу жылында шаһардағы 305 мектепте 271600 оқушы білім алатын болады. Оның 164-і мемлекеттік, 141-і жекеменшік білім беру ұйымдары. .

– Шымкент қаласында биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 27546 оқушы қабылдау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 25252 оқушы қабылданып отыр. Қабылдау кезеңі 1 сәуірден 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы және 2025 жылғы 8 мамырдағы №320 қаулысының негізінде 2025–2026 оқу жылына 56430 оқушыға 46500 теңгеден көмек беріледі деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа 2 623 995 мың теңге қарастырылған. Аталған қаулыға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Шымкент қаласы аумағындағы жекеменшік білім беру ұйымдарында оқитын әлеуметтік осал санаттағы 1–11-сыныптардағы 7778 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында бір реттік қаржылай көмек көрсету үшін қосымша 361677 мың теңге бөлінеді. Жалпы алғанда 64208 оқушы қамтылып, барлығы 2 985 672 мың теңге қаралды, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №1524 қаулысы және ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының негізінде 2025 жылы қаладағы 1–11 сыныптардағы 132392 оқушыға (48,6%) мектепте тегін тамақтануға 13538 038 мың теңге бөлінді. Жаңа оқу жылындағы бекітілген калькуляцияға сәйкес мектептегі бір реттік тамақтану құны бір балаға орта есеппен 677 теңгені құрады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №135-НҚ бұйрығы негізінде үлгілік перспективалық мектеп мәзірі бекітілді. Денсаулық сақтау басқармасы бекіткен екі апталық, екі маусымдық мәзірде тағам құрамындағы дәрумендер мен минералдар ескеріліп, тағамның ингредиенттері (граммен), энергетикалық және тағамдық құндылығы нақтыланды. Жаңа мәзірге сәйкес бір баланың орташа тамақтану құнын Экономика басқармасы анықтауда.

Сондай-ақ қала әкімнің орынбасары өз сөзінде қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау мен жұмыссыздықты азайту бағытында қолға алынған шараларға да жан-жақты тоқталды. Сонымен Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 14 шілдедегі №39-ө өкімімен арнайы комиссия құрылып, 15 шілдеде бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша 285 грант бөлінді.

Жаңа қабылданып жатқан шаралар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті арттырады
Көпқабатты тұрғын үйлердегі күрделі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу