Шымкенттегі Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Oinet.kz 21-08-2025 15

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қолдау көрсетуде. 

Screenshot_13.jpg

Мұндай сенбіліктер қаланың көріктенуіне, қоршаған ортаның жақсаруына және ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге зор үлес қосатыны анық. Сонымен бірге қала тұрғындарының мәдениеті, көз қарасы, ұлттық құндылықтарымызға деген жанашырлығы артып келеді. 

Міне, кеше Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық аясында жалпы қалалық тазалық күні ұйымдастырылды. Қала аумағының бірнеше ауданында өткен іс-шараға тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер белсене атсалысты. Соның ішінде – Қаратау ауданы да бар. 

Қаратау ауданының Нұртас шағынауданындағы Кеңжарық–Құлагер көшелері қиылысында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды. 

Қаратау ауданы әкім аппаратының бас маманы Әлібек Қалдыбеков акцияның маңызына тоқталып, мұндай шаралардың экологиялық мәдениетті арттыруға және қаланың көркеюіне ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі іс-шара – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. «Бұл бастама қала тұрғындарын, әсіресе жастарды табиғатқа жанашыр болуға, оның болашағы үшін жауапкершілік алуға үндейді» дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акцияның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру. Бұл уақытша акция ғана емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс экологиялық қозғалысқа айналуы қажет деп санайды сенбілікке қатысушылар. Табиғатты қорғау мен оны таза ұстау – әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі басты ұстаным болуы тиіс. Жасыл табиғатты сақтау – келер ұрпаққа аманат. Бұл іс-шара жастарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық сауаттылықты арттыруға және қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам болды.

Сенбілік аясында 3 тоннаға жуық әртүрлі қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Бұл – бір күннің аясында жасалған үлкен еңбек. Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарын ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілік жайында да пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл тек қоқыс жинау емес, ең алдымен жастарға үлгі болып, қала тазалығына ортақ жауапкершілік қалыптастыруға жол ашады. Мұндай шаралар тұрақты түрде өтіп тұруы тиіс», – деді Қаратау ауданы әкім аппаратының бас маманы Әлібек Қалдыбеков.

Дәстүріміздің біз біле бермейтін сыры көп
Ою-өрнектермен безендірілген бұйымдар халықпен бірге жасап келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу