Түркістандағы кесене құпиясына қызығушы туристер көп

Oinet.kz 01-08-2019 839

Screenshot_3.jpg

Мысыр десе, көз алдыңызға Пирамидалардан бөлек, мумиялар елестейді. Себебі, әлемдегі ең үлкен Хеопс пирамидасын Мысыр билеушілерінің бірі – Хуфу (Хеопс) перғауын үшін арнайы салыпты. Талай режиссерлар Хеопс пирамидасын негізге ала отырып, деректі һәм көркем фильмдер түсірді. Бойына талай сырды бұққан пирамида тылсымдығымен, жұмбақтығымен әлем туристерін жинап отыр. Олар ауа-райы өте ыстық, климаты қолайсыз шөлді өлкеге Пирамиданы өз көзімен көріп, аурасын сезіну үшін ғана келеді десек қателеспейміз. Мінекей, бұл өте жоғары деңгейде насихаттан туған нәтиже. Жақында ұйымдастырылған «Тамыры терең Түркістан» ақпараттық туры да осындай мақсатты көздейді. Неғұрлым өз жауһарларымызды сапалы түрде насихаттай берсек, оның болашақтағы қайтарымы соғұрлым көп болмақ. Бұл тур өздерінің сапарларында Түркістан қаласына арнай ат басын бұрып, мұнда көптеген жауһарлармен танысты. 

Соның бірегейі  - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жөнінде Хеопс пирамидасындай әлі күнге дейін ашылмаған құпиялары бар. Мысалы, бұл кесенені Әмір Темір хан салғаны белгілі.Кесенені салуға Әмір Темір ханның жарлығымен өлкенің түкпір-түкпірінен атақты шебер құрылысшылар келген. Кесененің құрылысының құпиясын ешкім білмесін деп және ешкім қайталамасын деген оймен Ақсақ Темір құрылыста қатысқан барлық құрылысшыларды өлтіруге бұйрық беріпті. Өкінішке қарай, Ақсақ Темір ханның қайтыс болуымен бұл тамаша кесененің құрылысы тоқтатылды. Дегенмен, кесене құрылысының негізгі бөлігі аяқталып, туристерді Түркістанға тартуде зор ебңек сіңіріп отыр. Туристердің мұнда қызығушылығы оянуына кесене құрылысындағы кей құпиялар да өз септігін тигізуде. Мысалы, кесененің іргетасы мүлдем жоқ. Оның орнын қалыңдығы бір жарым метр болатын, көп қабатты балшықты негіз қойған. Соған қарамастан кесене қаншама соғыстар мен жер сілкіністерін өткерсе де, әлі күнге құламай тұр. Кесененің тағы бір құпиясы – оның сыртын қаптайтын тақталарды сырлаған көне жылтырақтар мен бояуларды қалай өндіргендері. Арнайы мамандар жаңа технологиялар арқылы кесене қаптамасын заманауи тақталармен жаңартқан кезде бір жыл өте салысымен қаптаманы шешуге мәжбүр болады. Себебі, күмбез жауын-шашын салдарынан ісіне бастаған. Ал ежелгі құрылысшылар орнатқан күмбез су өткізбей ғана қоймай, сонымен қатар табиғи жолмен ауа алмастырып тұрған. Егер Әмір Темір құрылысшыларды өлтірмегенде құрылысқа қатысты қаншама құпиялар бүгінгі күнге жетер ме еді...

Түркістандағы мемориалды мұражайлар Голливудтық Даңқ аллеясына ұқсайды
Түркістан – қазақ хандары мен сұлтандарының мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу