Индустиалды аймақ жандана бастады

Oinet.kz 15-06-2019 978

Screenshot_16.jpg

Түркістан қаласының индустриалды аймағының болашағынан сарапшылар зор үміт күтуде. Биыл мұнда жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба іске аспақ. Ашылатын жаңа  жұмыс орны -183. Олар, жабын плиталарын, тауарлық бетонды және ЖБИ және «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты», «Айбек ЛТД» ЖШС,  ЛАЖТ өндірісі ЖК «Grand Miks»,  шарнирлі тор шығаратын «Мирас ДАМУ ЛТД» ЖШС, көп функциялы POS-терминалдарды құрастырып шығаратын «Нурлы НазАй» ЖШС. Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 гектар  жер телімін қосымша 310 гектарға ұлғайту көзделіп, қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттандыру жұмыстары қолға алынуда. 

Ағымдағы жылы аймақта бірқатар құрылыс нысандарын салу мақсатында облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бірінші кезекте кіреберіс аркасы, аймақты қоршау, қабылдау өткізу пункті, әкімшілік іскерлік ғимараты және алғашқы кезеңдегі инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жұмысы қолға алынады деп күтілуде.

Кәсіпкерлер қағазбастылықтан арылды
Өндірісі дамыған қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу