Түркістанда іскер әйелдер бас қосты

Oinet.kz 16-06-2019 828

Screenshot_13.jpg

Түркістан қаласының дамуына, өркендеуіне өңірдің нәзік жандылары да ат салыспақ. Жақында облыстағы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толығымен қолдайтынын жеткізді. Түркістан шаһарында бас қосқан әйелдер партиямен бірлесе жұмыс жасауға уағдаласып, үндеу қабылдады. 

Жиында кауымдастықтың төрайымы Инара Намазбаева халыққа жақын партиясының көп балалы аналарға қолдау көрсетіп, кәсіпкерлерге жағдай жасап келе жатқанын тілге тиек етті.  «Түркістан-Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Шолпан Бегалиева болса  ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған әр саладағы мәселелер мен түйіткілдер әрдайым «Nur Otan» партиясының жіті назарында екендігін айтып өтіп, алдағы уақытта да игі істердің қатарынан табылатындығына сенім білдірді.

Басқосуда белсенді нәзік жандылар Түркістандағы туристерге  қызмет көрсету сапасын халықаралық талаптарға сай етіп ұйымдастыруға атсалысқысы келетіндіктерін жеткізді. Олар туристер көп келетін орталықтағы сервис мәселесін арнайы мамандармен оқыту арқылы дамытып, сонымен бірге, кәдесый жасау орталықтарын да көптеп ашып, жұмысты жолға қоюды мақсат етіп отыр. 

Игі істерге бастамашыл болған ақ жаулықты аналар әрдайым абыройлы жұмысымен көрініп, ел ықыласына бөленіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғыстарын айтты.

Берері мол көрме
Жабайы сауда реттелмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу