Қаланың даму көрсеткіші жоғары

Oinet.kz 19-06-2019 744

Screenshot_4.jpg

Көне шаһар Түркістанның қазір даму көрсеткіші жоғары. Қалада өткен жылы бір ғана ауыл шаруашылығы саласында 59 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Алдағы жоспар бұдан да ауқымды. 2025 жылға дейін осы саладағы өнім көрсеткішін 2 есеге дейін арттыру көзделген.   

Мамандардың мәліметінше  қаланың 2017 жылғы жалпы өңiрлiк өнiмi 108 531,5 млн. теңгенi құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан.  Ал 2018 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 125 524,8 млн. теңге құрап, 7 пайызға артқан. Сондай-ақ, 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін 227 825,5 млн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Өнеркәсіп, туризм саласы да тұралап тұрған жоқ. Алғашқы айтылған бағыт бойынша өткен жылы 16 млрд. 192 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ал, Түркістанға тәу етіп келушілерге жағымды жағдай қалыптастыру үшін мұнда 3 жұлдызды қонақүй, 2000 адамға түрлі қызмет көрсету мүмкіндігі бар «Mega city» ойын-сауық кешені ашылған. 

Бүгінде республиканың ірі сауда-саттық қаласы саналатын Түркістанда 39 кәсіпорын жұмыс атқарады. Шаһарда 263 мыңнан астам тұрғын тіркелсе, соның жартысына жуығы экономикалық белсенді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандары өткен жылмен салыстырғанда, 100 пайызға артып отыр. Бұл ретте экономист мамандар негізгі 3 секторда жандану байқалғанын айтады. Ол туризм, инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар. 

Өз кәсібін ашты
Қасиетті қалада қарқынды тірлік көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу