Түркістанда да жүгері өңделеді

Oinet.kz 20-06-2019 790

Screenshot_6.jpg

Түркістан шаһары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мен теміржолдың бойында орналасқан. Күре жолдың бойы болғасын сауда-саттық пен барыс-келіске өте қолайлы болмақ. Өнеркәсіпті дамытуға да қолайлы аймақ. Сол себепті қазір қала басшылығы инвесторлармен тығыз жұмыс жасауда.  

Мәселен, индустриялық аймаққа орналастыру үшін жылына 15 мың тонна жүгері өңдейтін зауыттың құжаттарын тиісті комиссияға жолданыпты. Қазір таңда кәсіпкерлер құрал-жабдықтарын әкелудің қам-қарекетімен Иран мен Түркияда жүр. Алдағы уақытта кәсіпорынның тұсауы кесіледі дейді мамандар. Иелері – аталмыш мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыз. Оралмандар. Өндірген тауарларын нарықта өткізу мәселесін де жан-жақты ойластырған. Жүгеріні шаруалардан сатып алып, кептіріп, дәнін собығынан ажыратып, қаптамаға салып, шетелге шығарады. Негізінен Иранға экспорттайды. Бағаларына дейін белгілеп қойыпты. Қайта түлеген шаһарда бизнесін экспортқа жоспарлайтын осындай өндіріс ошақтарының пайда болғаны әрине қуанышты жәйт. Бұл өз кезегінше бірнеше адамға екі қолға бір күрек ұстатпақ.  

Нан бар жерде ән бар
Жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу