Шымкент қаласында бітімгерлер бас қосты

Oinet.kz 09-10-2023 209

Шымкент қаласында медиация институты сот ісінде жақсы дамып келеді. Көнеден жеткен билер шешімі бүгінде медиация арқылы жалғасын атып, бітімгерлік жолмен шешілуде. Жуырда Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі өтті. 

Screenshot_102.jpg

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ербол Байқонақовтың айтуынша, медиацияның басты мақсаты – кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты қанағаттандыратын келісілген шешімге қол жеткізу. «Ал соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, медиация – еркін процесс. Рәсім сипаты жағынан-жария емес процесс. Онда тараптар дауды қарайтын тұлғаны, яғни, медиаторды өздері таңдайды. Медиатор кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға. Бүгінде ел ішінде түрлі дау-дамайлардың көбеюіне байланысты оларды шешу мен реттеудің тиімді әдістерін табу  өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде баршаға танымал жанжалдарды шешудің неғұрлым тиімді және балама әдістердің бірі – медиация» - дейді ол.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, кәсіби медиатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ тренері Мұхтар Адаев, психолог-шиленістанушы Резеда Баймухаметова және этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – шиеленістерді реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, алдын алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны қолданудың әдістері мен тетіктерін үйрету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардар қызметінің жаңа қырларын анықтау, медиация кабинеттері үйлестірушілерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің медиация құралдары мен әдістерін өз тәжірибелерінде қолдануы. 

Семинар-тренингте этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері, медиациядағы зерттеу кезеңі, тұлға психодиагностикасы, этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу әдістері мен тәсілдері, этносаралық қақтығыстарды талдау тақырыптары жөнінде кеңінен айтылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді. 

Шымкент қаласында 257 жобаға қолдау көрсетілді
Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу