Шымкент қаласында 257 жобаға қолдау көрсетілді

Oinet.kz 08-10-2023 177

Шымкент қаласында «Іскер қала» іс-шара жоспары негізінде бүгінгі таңда 257 жобаға қолдау көрсетілген. Ол жобалардың жалпы құны 674,9 миллион теңгені құрайды. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың айтуынша, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 573 миллиард теңгені құраған.

Screenshot_101.jpg

- Осы жылдың 9 айында қалаға 434,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 миллиард теңгеге арттыру жоспарлануда. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 764,3 миллиард теңгеге жеткен. Есепті кезеңде 130104 іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде биыл 19,7 миллиард теңгеге 3000 жобаға қолдау көрсету жоспарланған болатын. Биыл жарты жылдағы жағдай бойынша 14,1 миллиард теңгеге 3591 жобаға қолдау көрсетілді,  – деді басқарма басшысының орынбасары. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. 

- Біздің алдыға қойып отырған жоспарларымыз ауқымды. Барлығы да шаһардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр.  Осыған сәйкес Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын екі жүзден аса инвестициялық жобалардың базасы жасақтадық. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады. Әрбір жобаның іске асырылуы қала үшін маңызды. Ол біріншіден шаһар халқының әлаухаты мен экономикасының артуына мүмкіндік берсе, екіншіден салыққа қосымша қаржы құйылады. Біз кәсіп бастаймын, инвестиция әкелемін, жұмыс орнын ашамын деген кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетуге дайынбыз, - дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов. 

Шымкент қаласында «Нұрсәт» шағынауданында жаңа гүлзар салынуда
Шымкент қаласында бітімгерлер бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу