Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосуда

Oinet.kz 09-10-2023 115

Шымкент қаласында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кең. Жуырдан шаһардағы «Металлург» стадионы қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілді. Жалпы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға серпін беріп отырған, бүгінде озық үлгіде құрал-жабдықтармен жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, ондағы атқарылған құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Screenshot_103.jpg

1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай  жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақүй қарастырылған. 

- Қалаға қарасты білім және спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында іске асырылуда.  Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берген болатын. Оның ішінде оқушылар сарайы, спорт алаңдары, жас техниктер стансасы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген. Осыған байланысты Шымкент қаласында бірқатар жоба жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі. 

Онда 1504 орындық трибуна, командалық ойындарға арналған 480 орындық спорт зал, 62 орындық спортшылар үйі, әкімшілік корпусы бар. Мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілген болатын. 

Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады. 

Шымкент қаласында бітімгерлер бас қосты
Шымкент қаласында өнеркәсіп ошақтары цифрландырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу