Шымкент қаласында өнеркәсіп ошақтары цифрландырылуда

Oinet.kz 09-10-2023 259

Шымкент қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың айтуынша, жеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріске цифрлық технологияларды енгізген.

Screenshot_104.jpg

Олардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс», «Химфарм», «Шымкентцемент», «Зерде-Керамика», «Бал Текстиль», «Karlskrona LC AB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен акционерлік қоғамдары бар. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер. Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деген болатын. Соңғы жылдары цифрлы трансформация дәуірі қарқынды дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлы технологиялар көмегімен бәсекеге қабілетті болуға талпынуда. Мамандар өңдеу өнеркәсібін толық автоматтандыруға арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлы инновациялық шешімдерді қолдану арқылы өндірістегі табысты арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік мол екенін айтады. Осы орайда Шымкент қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Бүгінде жоғарыда айтқан жеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен акционерлік қоғам қазірдің өзінде өндіріске цифрлық  технологияларды енгізген. Ал, цифрлық технологиялар енгізу үшін жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың қатарында «Рахат-Шымкент», «Барыс 2007», «Шымкентмай», «Гауһар» тігін фабрикасы», «Шымкентдорстрой» ӨК», «Shymkent Temir», «Кazmedpribor holding», «Аsia trafo» секілді компаниялар бар, - дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында өнеркәсіп секторында 907 кәсіпорын белсенді түрде  жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 ірі кәсіпорын, 44 орта кәсіпорын және 840 шағын кәсіпорын бар. Осы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 672,3 миллиард теңгені құраған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, осы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 850 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосуда
Шымкент қаласында дәрігерлер демалыс күндері де жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу