Шымкент қаласында дәрігерлер демалыс күндері де жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетеді

Oinet.kz 10-10-2023 248

Шымкент қаласында денсаулық саласына жақсы көңіл бөлінуде. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың айтуынша, емханаларда ем қабылдаушыларға арналған арнайы кабинеттер ашылып, демалыс күндері де жұмыс істеуде екен. 

Screenshot_105.jpg

- Денсаулық – зор байлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық саласына айрықша басымдық беріп отыр. «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дейді Президент. Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан сырқаттармен жұмыс істерде дәрігерлердің біліктілігі мен жауапкершілігі қашанда маңызды, - дейді басқарма басшысы.

Басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков кеше №7 емханаға барып, медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарының барысымен танысты. Қаланың бас дәрігері емханаға қарасты Қарабастау елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториясында болып, жергілікті халыққа  медициналық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында сенбі және жексенбі күні жұмыс істеуін тапсырды. 

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша енді Қарабастау елді мекеніндегі амбулаторияда дәрігерлер сенбі және жексенбі күндері сағат 8-00 ден 20-00-ге дейін жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. 

Сондай-ақ Нұрлыбек Абибуллаұлы №7 емхананың негізгі ғимаратында болып, үздік  практика орталығының ашылуына орай, дайындық жұмыстарымен танысты. Емхана жанынан ашылатын орталықтың негізгі мақсаты – халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның деңгейіне қанағаттану деңгейін көтеру және әр отбасы құрамындағы адамдармен жеке-жеке әлеуметтік-медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсете отырып, арыз-шағымдарды азайту, ұжымдық және методикалық жұмыс жүргізу.

Бүгінде емханада тренинг және симуляциялық орталық ашылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар емхана ішінде «Жастар денсаулық орталығы» қызмет көрсетуде, онда 10-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық, әлеуметтік және психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі.

Басқарма басшысы №7 емхананың бас дәрігері Айман Оспановаға емдеу мекемесінің жұмысын жүйелеп, бірінші кезекте сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Шымкент қаласында өнеркәсіп ошақтары цифрландырылуда
Шымкент қаласында «Amanat» партиясы қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу