Шымкент қаласында «Amanat» партиясы қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда
Шымкент қаласында азық-түлік бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, шаһар аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында тиісті шаралар қолға алынған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен кейбір өңірлерде жүзеге асырылған «Алқаптан сөреге» жобасы Шымкент қаласында да өз жалғасын тауып отыр. Қала басшылығы жеке шаруа қожалықтармен өңірдегі нарық бағамын тұрақтандыру мақсатында келісім-шарт жасасып, олардың өнімін сауда орталықтарына делдалсыз жеткізу жүйесін қалыптастыруда. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісім шарт түзуді жалғастыра бермек. Осы баға саясатын, әсіресе көкөніс бағасын ұстап тұру үшін қала әкімдігі тың жобаны қолға алып отыр. Ол жұмысты жандандыруға «АMANAT» партиясының белсенді өкілдері де тартылған, - дейді қала әкімі.
Кеше қала әкімінің тапсырмасымен «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай бағаларына зерделеу жұмыстары жүргізуді. Партияның аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мүшелерінен құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жұмыс топтар супермаркет, базар, дәріхана, жанармай бекеттерін аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады.
Сондай-ақ басқарманың ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту өңірлік кеңесінің мүшелерімен көшпелі отырыста басқарма тапсырысымен құрылысы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Көшпелі отырыста кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, құрылыс сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы мәселелердің шешілу жолдары талқыланып, мердігер мекеме өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.